"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

Жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді

Оның мақсаты-балалар еңбегінің мәселелерін жариялау, балалар еңбегін пайдалану туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру,барлық елдерде орын алған балалар еңбегін тыйым салу және оның ең нашар формаларына назар аудару. Бүгін біз бұл мәселені әлі де тоқтата аламыз. Біз балалар еңбегін жою үшін өз іс-әрекетімізді күшейтуге тиіспіз. Егер біздің айналамызда олардың денсаулығына, қауіпсіздігіне немесе имандылығына зиян келтіруі мүмкін қызметке тартылған балалар болса, әрқайсымыз бұл туралы бей-жай қалдырмауға тиіспіз. Біз әрбір баланың құқығын жүзеге асыруға қол жеткізуіміз керек. Біздің іс-әрекетіміз-нақты, балалар біздің болашағымыз. Олардың ертеңіне лайықты ең жақсысын береміз. Осыған байланысты мектепте жыл сайын республикалық акция аясында бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Адам саудасының алдын алу, оқушылар, ата-аналар және педагогикалық жұртшылық арасында балаларды еңбекке пайдалануға тарту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ойын іс-шаралары, флешмобтар және сурет байқаулары өткізіледі.

 

Жаңартылған күні: 21.05.2020 15:18
Құрылған күні: 21.05.2020 15:18

Текст