Текст
9-сынып оқушыларымен № 26 өрт сөндіру бөліміне экскурсия өткізілді. Балаларға өрт сөндіру бөлімінің ғимараты бойынша экскурсия жүргізілді, қарауыл үй-жайлары, кезекші-диспетчерлік қызмет, киім-кешек, сондай-ақ өрт-құтқару жабдықтары көрсетілді. Іс-шара мектеп директоры Асель Жамбуловнаның бастамасымен "AMANAT" партиясы Ақкөл аудандық филиалының "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ төрағасы Данил Александрович Емельяновичтің қолдауымен өткізілді. Кездесуге директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Динара Бауыржановна Сманова және педагог-ұйымдастырушы Ксения Александровна Сатуева қатысты