"Easy English" ағылшын тілін үйрену үйірмесі.
Жетекшісі: Келденова Айзат Сайлаубайқызы.
Үйірмеге 6 жастан 10 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысады.
Мақсаты:
Тілді үйрену барысында оқушыларды ағылшын тілінде ауызша және жазбаша түсіну жолдарын үйрету. Балалар шет тілінде өз ойын жеткізуді, жазбаша жаттығуларды орындауды, мәтіндерді оқуды және аударуды үйренеді.
Үйірме жоспары:
Грамматиканы, мәтіндерді тақырыптық бөлімдер бойынша оқу;
Мектеп оқушыларын ағылшын балалар фольклорымен таныстыру;
Мектеп оқушыларының сөйлеу, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту;
Ағылшын тілін одан әрі меңгеру үшін мотивацияны дамыту;
Басқа елдердің өкілдеріне достық қарым-қатынасты тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларын ағылшын тілін пайдалана отырып оқыту және жан-жақты дамыту.
Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі іс-әрекеті ойын ойнау екенін ескере отырып, шет тілін ерте меңгеру процесі қарым-қатынастың ең қажетті элементтері жаттығатын коммуникативті ойын ретінде құрылымдалған.