"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№4 АОМ "12 күн балалар еңбегін пайдалануға қарсы "ААК өткізу туралы ақпарат

Мектепте «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық кампаниясына орайластырылған акция өткізілді. Акцияның ұраны «Балалар еңбегін пайдалану - жоқ!». Акция 1 маусым балаларды қорғау күні басталып, 12 маусым – Дүниежүзілік бала еңбегімен күрес күні аяқталды.

12 күн бойы 1-11 сынып оқушылары арасында әр түрлі онлайн-шаралар өткізілді: «Бақытты балалық шақ», «Түрлі-түсті армандар», «Сәлем жаз!» суреттер сайысы, викториналар, «Мен және менің құқығым» зияткерлік ойыны, «Жұлдыздар фабрикасы» таланттар фестивалі, балалар белсенділік, шығармашылық қабілеттерін көрсетті және үлкендерге қандай таланттар бар екенін көрсетті. Күн сайын оқушылардың денсаулығын нығайту үшін «Дарын» мектеп жанындағы лагерінде жаттығу өткізілді. Педагог-психолог «Өзіңе сен» тақырыбында тренингтер, коммуникативтік тренингтер, тұлғаның қалыптасуына арналған сабақтар өткізді.  «Инстаграм» әлеуметтік желісінде бала еңбегін пайдалануға қарсы бақытты балалық шақты насихаттау үшін посттар орналастырылды. Ата-аналар үшін жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі, ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат таратылды. Барлық ақпарат мектеп бетінде «Инстаграм» әлеуметтік желісінде орналастырылған.

Осылайша, барлық өткізілген іс-шаралар балалар еңбегінің проблемалары мен оны шешу тәсілдері туралы халықты ақпараттандыруға, балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған. Бұл іс-шараларға ересектердің қатысуы адамдарға біздің балаларымыздың болашағына немқұрайлы қарамайтынын тағы да көрсетті.

 

https://www.instagram.com/p/CBIbUV4g_3R/

https://www.instagram.com/p/CBBPA9zgsea/

https://www.instagram.com/p/CAwtXlgglRG/

https://www.instagram.com/p/CAmJOySAXpu/

https://www.instagram.com/p/CAfmxRcAP21/

https://www.instagram.com/p/CA5dczMAy_V/

директордың ТЖ орынбасары:              И. Мажникова

Жаңартылған күні: 15.06.2020 13:04
Құрылған күні: 15.06.2020 13:04

Текст