Текст
2020 жылдың 18 мамырында мектеп оқушылары үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Адалдық сағаты" республикалық акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-адалдықты, парасаттылықты және патриотизмді қалыптастыру. Барлық сыныптарда парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушылар Youtube видеохостингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету департаменті ұсынған бейнероликті тамашалады. Интернет желісіне қосылуда қиындықтар туындаған оқушылар үшін видеоролик жүктеліп, «Whatsapp» мессенджеріне қарауға жіберілді. Өткізілген іс-шара туралы ақпарат "Instagram"әлеуметтік желісінде орналастырылған.
Директордың ТЖ орынбасары: И. Мажникова