Текст
«№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 34 жылдығына арналған "Ақкөл ауданы әкімінің жүлдесіне" пневматикалық мылтықтан ату бойынша жарыстар өткізілді. Шақырылған қонақтар интернационалист-жауынгерлер ардагерлер кеңесінің төрағасы Алимжанов Сәтпек Хайдарұлы және Ауған соғысының ардагерлері.
Жалпы командалық есепте 2 орынды "№4 ЖББМ" КММ және "№2 ЖББМ " КММ иеленді. Бірінші орынды "П.Исаков атындағы № 1 ЖББМ" КММ командасы иеленді. Сондай-ақ, ұлдар мен қыздар жеке есепте марапатталды. АӘТД педагогтары жарыстарға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.