"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 – 2025 оқу жылына арналған "Психологияның ғажайып әлемі" тақырыбында өткізілген психология апталығы туралы есебі.

19.12.2024

Мақсаты: Оқушылардың, педагогтер мен ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру, білім беру ұйымында оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қалыптастыру және сақтау үшін жағдайлар жасау.

Жоспар бойынша оқушылар арасында акциялар өткізілді: "Көңіл-күй кемпірқосағы" - 0-4 сыныптар, "Көңіл-күй калейдоскопы" - 5-11 сыныптар, "Махаббатпен бөлісіңіз " 0-11 сыныптар, сондай-ақ күн сайын балалар мектепте өздерінің көңіл-күйлерін көрсететін стендтер, "Әлемде мейірімділік көп болуы керек" ата-аналарға тілектер бұлты, мұғалімдерге, оқушыларға "Балалардың көзімен өмір сүру" сауалнамасы жүргізілді, стендте балалар "Мен, біздің мектепте... болғанын қалаймын" деген ойды жалғастырды

Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында "Позитивті өмір сүру" акциясы өткізілді, онда балалар мен олардың ата-аналары өмірінің ең қызықты сәттерімен отбасының суреттерін көрсетті.

Мұғалімдермен "Антигрустин" акциясы және "Позитивпен қуатталыңыз" тренингі өткізілді».

0 – 11 сынып оқушылары "Ең үздіктер" байқауына қатысты, онда Google формасы платформасының көмегімен балалар "Ең белсенді", "Ең мейірімді", "Ең көңілді" және "Ең танымал" оқушыны таңдады. Қорытындылар желіде шығарылды. Сондай – ақ 1-6 сынып оқушылары үшін "Өмір игі істерге берілді" және 7-11 сынып оқушылары үшін "Мейірімділік – адам жанының жай – күйі" суреттер байқаулары өткізілді.

Орта және кіші буында "Лабиринт", "Жылдам және епті", "Бағыттаушы" ойындары өткізілді.

Жоғары буында ашық ойындар мен сенім, тактильдік, ойлау жылдамдығына арналған жаттығулар өткізілді.

Психология апталығының соңында грамоталар, дипломдар және тәтті сыйлықтар тапсырылып, салтанатты жиын өткізілді.

 

 

    

  

Педагог – психолог:             Г. Алауханова

                                          К. Блялова

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст