МЕКТЕПТЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
29.09.2026
КММ «Ақкөл қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін көрсетеді. Білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтану ұйымдастырылады.
Тегін және жеңілдетілген тамақтануды алу үшін қажетті құжаттар:
1. Белгіленген нысандағы өтініш.
2. Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжат.
3. Баланың туу туралы куәлігі — егер туу туралы мәліметтер ақпараттық жүйеде болмаса немесе бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда.
4. Білім алушының тегін немесе жеңілдетілген тамақтануға құқығын растайтын құжаттар.
5. Шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары үшін — отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу нәтижелері негізінде білім беру ұйымының алқалы органының шешімі.
Өтінішті мектепке тікелей немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады
Просмотров: 19