"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Латын әліпбиіне көшу –рухани жаңғыру талабы»

19.02.2018

«Латын әліпбиіне көшу –рухани жаңғыру талабы»

 

2018 жылғы 19 акпан айында  № 4 Ақкөл орта мектебінде мұғалімдер мен  10 – 11 сынып оқушыларына арналған «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты тақырыбы бойынша   Тілдер оқыту орталығының мамандары ақпарат өткізді.

 Тілдер оқыту орталығының директоры Түкенова Бақытжан Кошербаевна «Қазақ тілі әліпбиінің тарихы мен болашағы» атты баяндамасымен таныстыра шықты. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жүсіпбеков Шоқан Батырханұлы мектеп ұжымын «Латын әліпбиіне көшудегі Түркі тілдес елдердің тәжірибесі» атты ақпаратпен таныстырды. Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Каирова Жанар Казиевна «Латын әліпбиі – дүниежүзі Қазақтарын біріктіруші фактор» тақырыбы бойынша сөз талқылады.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылдың 26 қазанында «Қазақ тілінің Киррил әліпбиінен Латын әліпбиіне өтуіне байланысты»  жарлығымен заңды күшіне енді.

Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын жаңғыртуға, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», – деп айтқан еді.

2022 жылдан бастап, бастауыш мектеп оқушылары латын алфавитімен сауат ашады. 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздар, оқулықтар, мерзімді баспасөз латын әліпбиіне көшеді деп жоспарланып отыр. Бір ескере кететін жайт, 2018-20 жылдар аралығында әліпби енгізу сынақтан жақсы нәтижемен өтсе, бастауыш мектеп оқушылары латын әрпін үйренуді мерзімінен бұрын бастайды.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын түркі және жаһандық әлемімен тығыз қарым-қатынас орнату мен қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны анық.

 

 

 

Мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі С. Байназарова

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст