Күні: пәні:қазақ тілі мен әдебиеті сынып:7
Сабақтың тақырыбы |
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениет | |||||||||
Белгілі бір оқыту мақсаты |
ТБ1. Сөз таптары ТБ1.6.Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану | |||||||||
Сабақтың смарт мақсаты |
Оқушылардың барлығы: Суреттерді негізге ала отырып, әңгіме жазады; Оқушылардың көбісі: Стиль ерекшелігін сақтайды; Оқушылардың кейбірі: Жазылымда мақсат және себеп-салдар үстеулерін қолданады. | |||||||||
Құндылықтарды игерту |
«Мәңгілік ел» құндылығы: Тіл және мәдениет НЗМ құндылықтары: Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет; Ынтымақтастық; Жауапкершілік; Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет. | |||||||||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, қазақ әдебиеті. | |||||||||
АКТ –ны қолдану дағдылары |
Презентация, бейнебаян | |||||||||
Бағалау дескрипторы |
1. Оқиға желісі бар әңгіме жазады; 3. Жазылымда мақсат үстеуі мен себеп-салдар үстеуін орынды қолданады. | |||||||||
Тілдік міндеттер |
Пәндік лексика мен терминология: Оқушылар түсінеді және сипаттайды...Жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...
| |||||||||
Алдыңғы білім
|
| |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс - әрекеттер |
Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Қызығушылықты ояту Мына суреттен не байқадыңыздар? Кеше... Бүгін... Ертең... Берілген үстеулерді қолдана отырып, суретті сөйлетіп көріңіздер.
Сұрақтар: 1.Кеше, бүгін, ертең – үстеулер. Үстеулер туралы не білетін едік? 2.Үстеулердің қандай ерекшеліктері бар? Үстеу туралы ақпарат беріліп, таныстырылым ұсынылады. Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай-күйін білдіреді. Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді: 1. мекен үстеуі: әріде, беріде, жоғары, төмен 2. мезгіл үстеу: ерте, кеш, бүгін, жаздыгүні 3. себеп-салдар үстеу: бекерге, амалсыздан, босқа 4. сын-қимыл: балаша, зорға, тез 5. мақсат үстеу: әдейі, жорта, қасақана 6. мөлшер үстеу: сонша, онша, бірталай 7. Күшейткіш үстеуі: өте, тым, ең Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы, әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.б. Тапсырма Жеке жұмыс Оқушылар суреттерді қолдана отырып, мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, оқиға желісі бар әңгіме жазыңыздар. Сөз саны – 110-130.
Жұмыс жазылып болған соң, сағаттың тілімен дәптерлер ауысып, оқушылар бірін-бірі тексереді. Бағалау дескриптор бойынша жүргізіледі. |
Таныстырылым
Таратпа материалдар
Таныстырылым
Суреттер
| ||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс Оқушылар осы сабақ бойынша «блоб ағашындағы» өз орнын белгілейді.
Мұғалім оқушылардың тұрған орны туралы пікірлерін сұрайды. |
Блоб ағашы | ||||||||
Үйге тапсырма
|
« Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны»тақырыбында үстеулерді қатыстырып, дискуссивті эссе жазыңыздар. Сөз саны – 110-120. |
|