Тәуелсіздік күні қарсаңында мектепте патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, оның жетістіктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шаралар өтті. 12 желтоқсанда «Туған елге тілек» акциясы өтті. Мектеп фойесінде плакат орналастырылған, онда мектеп оқушылары мен қызметкерлері өздерінің ізгі тілектерін қалдырды. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Д. М. Куланова 8 сынып оқушыларына «Тарих толқынында» атты зияткерлік ойын өткізді. Біздің мектепте «Снайпер» пневматикалық винтовкадан ату бойынша аудандық жарыстар өтті. №4 АОМ командасы (жетекшісі АӘД және тарих мұғалімі А. В.Казаченко) жалпы командалық бірінші орынға ие болды. Жоғары және орта буын оқушылары мерекеге арналған АМҮ-де салтанатты іс-шараға қатысты. Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді, ал мектепалды даярлық сыныбында (жетекшісі Р. В. Фомина) «Қазақстан – біздің мақтанышымыз» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 13 желтоқсан күні мектептің 54 белсенді оқушылары «ЖасҰлан» РББЖҰ қатарына салтанатты түрде қосылды. Мектеп кітапханашысы О. А. Съединина «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты кітап көрмесін ұйымдастырды,ҚР Тәуелсіздік күніне арналған деректі және көркем фильмдерді көруді ұйымдастырды, сурет мұғалімі мектеп фойесінде «Балалық шақтың Мекен – жайы-Қазақстан» атты сурет көрмесін ұйымдастырды, 8-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздіктің 28 жылдығы» атты қабырға газеттер байқауын өткізді.