"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылға арналған есеп

31.03.2023

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2022 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл аудандық білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі"КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, Привокзальная көшесі, 6-үй.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

"Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл аудандық білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2022 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасы Ақкөл аудандық білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ 117 қызмет көрсетілді;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 36, оның ішінде::

         білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 35 қызмет;

негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-1 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-81, оның ішінде::

балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау – 33 қызмет;

білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 19 қызмет;

жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 29 қызмет

"Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл аудандық білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

"Ақмола облысы Білім басқармасы Ақкөл ауданының білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 4 қызметкер көрсетеді.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасы Ақкөл ауданының білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

Мектеп директоры:                                                                   Г. Сеитова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст