"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог – 2020»

23.01.2020

«Бұл мәңгілік заң болсын: бәрін мысалдар, нұсқаулар мен іс жүзінде қолдану арқылы үйрету және үйрену» осындай ұранмен 17.01.2020 жылы №4 Ақкөл орта мектебінің базасында «Үздік педагог – 2020» байқауының мектеп туры өтті, оған 5 педагог қатысты. «Үздік педагог-2020» байқауына қатысушылар арасынан:

Съдина Оксана Алексеевна – биология және химия мұғалімі

Родак Анна Юрьевна – ағылшын тілі мұғалімі

Муса Майгуль – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Кельденова Айзат Сайлаубаевна – ағылшын тілі мұғалімі

Марценюк Виктор Николаевич – география мұғалімі

Мектеп турының қатысушылары үш номинацияға қатысты:

1.Визитка (қатысушының өзін-өзі таныстыру)

2.Мастер класс (оқуға қызығушылық пен мотивацияны арттыратын балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдері ұсынылды)

3.Менің портфолиом (қатысушылар барлық қатысушыларды өздерінің әдістемелік тақырыптарымен таныстырды, презентациялар, көрнекі құралдар ұсынды, өздерінің шығармашылық қабілеттерін және өз қызметінің нәтижелерін көрсетті)

Байқаудың қазылар алқасына мектеп директоры Г. М. Сеитова , директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары С. Д. Байназарова, директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Л. А. Жижикина, директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасары Н. Г. Малярчук, МӘБ жетекшілері С. Д. Блялова, К. В. Репрынцев, Е. К. Камешев, кәсіподақ төрайымы Ж. Б. Айткенова кірді.

 Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы мектеп турының жеңімпазын анықтады. «Үздік педагог-2020» атты аудандық байқауда біздің мектепті ұсынатын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анна Юрьевна Родак Гран-при иегері атанды. 1 орын А. С. Келденова, 2 орын О. А. Съедина және М. Муса өзара бөлісті.

Барлық қатысушылар жоғары деңгейде дайындалды және мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл байқау педагогикалық шеберліктің, озық тәжірибенің нағыз мектебі, педагогикалық тәжірибедегі ең үздіктердің таралу орталығына айналсын. Білім мен еңбек, өнер мен шығармашылық барлық сайыстық сынақтар кезінде әрбір педагогтың сенімді одақтастарына айналады.

Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары:                    Л.А.Жижикина

 

 

Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст