"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК

10.03.2020

Су тасқыны қаупі болған кездегі әрекеттер:

Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек.

Сабырлық сақтап, көршілерге ескертіңіз, мүгедектерге, балаларға және де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.

Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.

Электрлік тоқтарды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз.

Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.

Шамаңыз келсе су басып жатырған аймақтан кетіп қалыңыз.

Есік терезені жабыңыз, уақытыңыз болып жатырса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тырысыңыз.

Жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қатарлы үй болса, төбесіне шығып алыңыз.

Көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болыңыз, құтқарушыларға белгі беріңіз, сізді тезірек тауып алуына мүмкіндік жасаңыз.

Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз. Судың бетіндегі адамдарға құрғақ киім кигізіп, жылы киім кигізіп, тыныштандыратын дәрі беру арқылы алғашқы көмек көрсету керек. Судың астынан шыққан адамдарға жасанды тыныс алу жасау қажет. Судың астында қалып қойған жағдайда үстіңіздегі ауыр киімдер мен аяқ киімді шешіп, жақын маңнан көмек келгенше пайдалана тұратын зат тауып алыңыз. Құтқару құралдарын толтырмаңыз (катерлер, қайықтар,құдықтар)

Егер сіз көлікте болсаңыз:

Су басқан жолдармен жүрмеңіз ағыс алып кетуі мүмкін.

Су басқан аймаққа тап болсаңыз, ал көлігіңіз істен шықса, дереу көмек шақырып, көліктен шығып кетіңіз.

Аумақты су басу қаупін байқаған кезде ТЖ қызметінің 112 нөмірі бойынша соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз көбейеді.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст