"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы»

17.05.2020

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы   4 мамырдағы № 177 бұйрығының және Ақмола облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 91 бұйрығының негізінде, сондай – ақ ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2019 – 2020 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Жалпы білім беретін оқу орындарының барлық түрлеріндегі мектепалды, 1 – 11 сыныптарда оқу сабақтары 2020 жылғы 25 мамырда аяқталсын.

2. Қорытынды аттестаттауды:

1) 9  және 11  - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;

2)  шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары және мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында тапсырады;

3. Жалпы орта білім беретін мектеп директорлары:
- 2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.

4. Білім бөлімінің әдіскері Н. Шайтекей осы бұйрықты жалпы орта білім беретін мектеп директорларының назарына жеткізіп, орындалуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Жаншүгіроваға  жүктелсін.

 

Аудандық білім

бөлімінің басшысы                                                    К. Әшімов

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст