Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады.
ҰБТ-2020 туралы не білу керек
Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс:
ҰБТ өткізу пунктеріне кіретін жерде дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады.
Шекті балл қанша
ҰБТ тапсыру ережесі
Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап қатаңдатылды. Егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса, тестілеу нәтижесі жойылады.
ҰБТ-ға қандай сұрақтар енбейді
Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.
Тағы оқыңыз: "Ұялудың еш қажеті жоқ": министр грантқа қалай түсе алмағанын айтты
Оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқығандықтан, оларға жеңілдік жасалып отыр.