"Акмола облысы білім басқармасының Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №4 города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түлектер мен ата-аналарға арналған ақпарат

25.06.2024

Білім бөлімдерінің басшыларына  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы  18 қазандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 578 бұйрығына сәйкес, тұлғалардың ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау ағымдағы жылдың 25 маусын күнінен басталады.

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын ТжКБ ұйымдарының (колледждердің) мамандықтары (біліктіліктері), оқыту базасы мен тілі көрсетілген тізімімен білім басқармасының интернет-ресурсында танысуға болады.

Колледждерде оқуға бюджеттік орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды бөлу конкурстық негізде және педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсу үшін орта конкурстық балл және арнайы және/немесе шығармашылық емтихан нәтижелері көрсеткіштер негізінде Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыруға болады, сондықтан ата-аналар, заңды өкілдер және кәмелетке толған үміткерлер ЭСҚ кілтін алдын ала алуы керек.

Ақпараттық материалдар, нұсқаулықтар, инфографика, бейнероликтер білім беру ұйымдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына осы ақпаратты жеткізуіңіз қажет.

Басшының орынбасары                                                                        В.Гамазов                                                                             

 

Орынд. 

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст