Ағылшын тілін ана тілімен қатар меңгертудің педагогикалық әдістері
Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре
бастағананнан – ақ адамдық ұлы адами қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті,
ізгілік пен ізеттілікке үйретер халықтық нұрлы асыл сөздерді, тілдің жан
тебірентер әсер – күйін ана тілінде ұғып үйренеді. Бір жерге шоғырланған
халықтың мемлекет тізгінін ұстауы үшін сол халықтың өзіне ғана тән жері, тілі
болуы керек. Яғни, бір халықтың бір тілде сөйлеп – ұғынар өзіндік ана тілі
болуы шарт. Адам баласы үшін тілдің
маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Халық бір-бірімен ана тілінде ұғып
түсініседі, сөйлеседі, ой алмастырады, пікір таластырады. Әр адам ана тілінде
оқып, білім алады, тәрбиеленеді, халықтың тарихымен танысып, тұрмыс –
тіршілігін танып біледі. Ана тілі – халықтың рухан, мәдени байлығының
экономикалық және тарихи дамуының құралы. Адам алғашында мүшел жасқа толғанша
қай тілде сөйлесе, кейін қанша тіл үйренсе де сол бастапқы білген, санасына сіңген тілінде ойланып
сойлейді, монолог ана тілінде құралады. Кейін ана тілінен басқа тағы тіл
игеремін, қай тілде сөйлеймін десе де әркімнің өз ісі.
Осыған байланысты «Тіл – қарым –
қатынас құралы», - деп революция көсемі В.И.Ленин айтқандай, бір ғана халық
емес бірнеше халықтың бір – бірімен тілдік қарым – қатынас жасауы ауызекі
сөйлеу факторына негізделеді.
Тілге үйрету, яғни бұл – мәдениетке
үйрету, тілді меңгерту – тілді қатынас құралы ретінде қолдану немесе өзге тілді
терең меңгеру. Шет тілдерінің ішінде ағылшын тілі – халықаралық қатынас тілі
болып табылады. Ағылшын тілінің тілдік, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық
ерекшеліктері ауызша сөйлеу қарым – қатынасы арқылы көрінеді.
Ауызша сөйлеу қарым – қатынас құралы
ретінде ғана көрінбейді, сонымен бірге өзінің әр түрлі сөйлеу функцияларымен
түрленіп ерекшеленеді. Ауызша сөйлеу түрі ғылыми тұрғыдан былай сараланады:
1.
Ауызша
сөйлеу – бір не бірнеше адамдардың ауызекі сөйлеу қарым – қатынасы. Мұндай
сөйлеушінің әрқашанда тыңдаушысы немесе әріптесі болуы керек. Тыңдаушылар
Сөйлеушінің бет – жүзінің мимикалық қимылдарына қарап, сөйлеушінің істі
қаншалықты меңгере алғанын және қандай қарым – қатынаста екенін байқайды, оның
сөзінің шынайылығы, іске қызығушылығы не әрекетке немкеттілік жағдайын анық
көре алады.
2.
Ауызша
сөйлеу бетпе – бет сұқбаттасатын тірі қарым – қатынас. Ол сөйлеушінің сөйлеу
жоспарына өзгеріс енгізуіне, дауыс ырғағын өзгертуге немесе тыңдаушының қандай
жерде екенін байқауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мінбеде сөйлеу. Мінбеде тұрған сөйлеуші әрекеті. Бұл жағдайда
қарсы жақ қарым – қатынасының
шынайылығы, ілтипаттылығы, тыңдаушыны өзіне ұйыта алуы сөйлеп отырған адамның
өзіне ғана тәуелді, яғни ол өзі белгілі бір бағытта сөйлейді.
3.
Ауызша
сөйлеудің интонациялық түрлене алуы. Шешен сөйлемес бұрын дайындық жасап алады,
сонымен бірге сөйлеуші хабарлама жасағанда, сұқбаттасқанда, таңырқағанда немесе
сұраққа жауап бергенде дауыс ырғағы шешуші рөл ойнайды.
4.
Ауызша
сөйлеу процесінде міндетті түрде түсінушіліктің қажеттілігі, шешеннің өзіндік
лексико – грамматикалық тұлғасы, яғни сөз саптау түрі, құрастырған сөйлемі
жалпыға ортақ түсінікті болуын қажет етеді. Мұны түсіндіре алу не
түсіндірушілік дейміз.
5.
Ауызша
сөйлеу өз ішінде мазмұнды сезімге толы. Орыс академигі Б.М. Теплов : «Сөйлеу
өнері – ойдың түпкі мазмұнын нобайлап айтпай, оның барлық жай – жапсарын
жеткізіп айта білу» деген.
6.
Ауызша
сөйлеуде әрқашан артық сөз қорының
сөйлеу мәнерінің, интонацияның, логикалық ойлаудың және іс – қимылдың
бар болуы.
Шет тілін оқыту бағдарламасында ауызша сөйлеуге үйретуде мынадай мақсаттар
қойылады:
1.
Сөйлеген
тілді түсіну.
2.
Берілген
тақырыптар мен лингвистикалық материалдар бойынша шет тілінде еркін сөйлей алу,
суреттеу, талқылау және хабарлама бере алу.
Бұл ауызша сөйлеудің практикалық мақсаты. Бірақ ауызша сөз тек қана өз
алдына мақсат болып қана қоймай, сонымен қатар ол шет тілінің үлкен бір нұсқауы
болып табылады. Ауызша сөйлеу дыбыстарды, сөздерді, грамматикалық тақырыптарды,
үлгілерді және лексикалық, ассимиляцияның қолдану қажеттілігін білдіреді. Ол
дыбыстау мәнерінің іскерлігі мен дағдыларын жетілдіруде оқушыларды сөйлеттіре,
бір – бірімен байланыстыра отырып пайдаланылады.
Логикалық ауызша сөйлеу
қарым – қатынастың маңызды мақсаты ретінде мынадай жағдайларда қолданылады:
1.
Мұғалім
мен оқушылардың сыныптағы әңгімесі.
2.
Мұғалімнің
бақылауында оқушылардың әңгімелесулері.
3.
Оқушылардың
мәтінге байланысты жұмысы – негізгі мәселелерді талқалыу, әңгімелесу.
4.
Оқушылардың
сабақтан тыс уақытта ағылшын тілінде қарым – қатынас жасауы.
Шет тілін оқыту бағдарламасының қоятын талабына сай орта мектепті бітіруші
ауызша сөйлеуге мынадай іскерліктерді меңгеруі тиіс:
a)
Өткен
тақырыпқа жақын мағыналы контексті болжап
түсінуге болатын 1-2 таныс емес сөзі
бар монолог сөзді түсіну.
b)
Монолог
және диалог түрінде 1000 сөзді қолданып сөйлеу.
Ағылшын тілін меңгеріп жүрген оқушыларға қойылатын талаптарды оқу сатылары
бойынша былай көрсетуге болады:
1.
Оқытудың
алғашқы сатысында оқушылар өз ойын айта білуге, қысқаша хабар айтуға, қарапайым
мәтіннің мазмұның өз ойымен айтып беруге тиіс. Оқушының айтар сөзінің көлемі
тіл жағынан қатесіз құралған құрылымы 6-7 сөйлем, сөйлеу уақыты 3 минут.
2.
Оқытудың
төменгі сатысында оқушылар сұрақ – жауап репликасын қолдана отырып, қарапайым
әңгіме жүргізе алуға, өтініш, таныс тақырыптар мен өтіп жатқан материал немесе
оқыған мәтінге байланысты айтылған ойды, пікірді толықтыра алуға, оған қажетті
қосымша ойларды қоса алуға тиіс.
Шет тілін орта мектепте оқытудың басты мақсаты – сол тілді бағдарламада
белгіленген көлемде меңгеру болса, бұл мақсатқа жету үшін оқушылар әуелі
белгіленген мөлшерде тіл материалын игеру керек. Онсыз сөз іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес. Тіл материалын игеру шет тілін оқытудың
мақсаты емес, керісінше, сол тілде қатынас құралы ретінде меңгерудің алғы шарты, алға қойылған
мақсатқа жетудің құралы.
Грамматикалық
материалдарды іріктеудің мақсаты – ағылшын тілін қатынас құралы ретінде
меңгеруге қажетті және жеткілікті грамматикалық құбылыстарды таңдап алу, яғни
ауызша сөзді меңгеруге қажетті құбылыстар грамматикалық минимумға енуге тиіс.
Оқушылар жаңа грамматикалық формаларды сөйлеу барысында бірден қолдана алмайды.
Шаталов «таңдау» сөйлеуге үйретудің маңызды бір құралы ретінде қаралуға тиіс
екенін айтты. Өз ойын ауызша жеткізу үшін грамматикалық құрылымдарды
құрастыруға бағытталған жаттығулар оқушылардың ауызша сөз дағдаларын қалыптастырады.
Лексиканың білім
салаларының ішінде бірінші орын алуының себебі: кейбір грамматикалық материалды
меңгермендіктен, сөздеграмматикалық қателер болса да, адамдар арасында қатынас
болуы мүмкін. Лексиканы білмеген жағдайда коммуникация бола алмайды, өз
ойымызды айтып жеткізе алмаймыз. Шет тілін оқытудың бүкіл курсында, яғни орта
мектепті бітіргенде оқушылар 1000 сөз меңгеруге тиіс. Оқу курсын толық
меңгерген оқушылар бір – бірімен сөйлесе, сұрақ қоя, пікір алмаса алады.
Фонетикалық дағдылар
сөйлеп үйрену үшін ауадай қажет және ауызша сөз үшін маңызы зор. Егер шет
тілінің дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда оны тыңдаушылар түсінбейді. Фонетикалық
дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, сонымен қатар басқа адам сөйлегенде
біреудің сөзін тындап түсіну үшін үлкен рөл атқарады. Фонетикалық дағдыларды
қалыптастыру үшін тыңдауға арналған жаттығулар ауызша сөз дағдыларын
қалыптастыруда маңызы зор.
Сонымен қатар көрнекілік материалдарды қолданудың маңызы
зор. Мысалы, техникалық құралдар – магнитафон таспалары, диафильмдер,
радиохабарлар, лингофондар және техникалық емес құралдар: газеттер, жаттығулар
жинағы, қосымша оқуға арналған оқулықтар т.б.
Профессор Ф.Оразбаев:
«Ағылшын тілін үйретуде бөлінген материал көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны
қаншалықты сапалы болса, білім беру әрекеті әдіс – тәсілдері арқылы неғұрлым
тиімді болса, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытудың принциптері арқылы іске
асырылсы, адамдар арасындағы тілдік қарым – қатынас соғұрлым жан – жақты болып,
тілді үйренудің нәтижесі терең болады», - дейді.
Қорыта келгенде, шет тілін оқытуда оқушыларды
ауызша сөйлеуге үйретудің маңызы зор. Себебі, оқушы өзінің істеген жұмысы,
көрген – білгені туралы күнбе – күн сөйлей, әңгімелей отырып тілдік жүйесін
қалыптастырады. Яғни ауызша сөйлеу іскерлігін
дамыту жұмысы жалпы баланың логикалық ойлау қабілетін, ойын тілмен
жеткізіп айту қажеттілігін қамтамасыз етеді.